Воспоминания о Галие Зайнакуловне Бегембетовой

Шырын Аманжолова
кандидат физико-математических наук, доцент кафедры социально-гуманитарных дисциплин Казахской национальной консерватории имени Курмангазы
Ұстаз деген сөз біз үшін қашан да қадірлі, қасиетті саналады. Небір данышпан да, қарапайым еңбек адамы да осы ұстаз алдынан өтеді. Ал, ұстаз болу кез-келген адамның қолынан келе бермейтін іс. Сондықтан, осы құрметті атаққа кір келтірмей, бар саналы ғұмырын жас ұрпаққа білім мен тəрбие беруге аямай жұмсаған ұлағатты ұстаздар арамызда аз емес. Сондай адамдар қатарынан мен Ғалия Зайнақұлқызын көремін.
«Жақсы адам ғана жақсы басшы бола алады» демекші, ұжым мақтанышы, тəжірибелі ұстаз, білікті басшы болған Ғалия Зайнақұлқызы білім сапасының артуына өз үлесін қосып, талай жыл талмай-қажымай еңбек етті. Ол кісінің әрбір ісі жас ұрпақтың жарқын болашағы үшін жасалды десек, артық айтқандық емес. Ғалия Зайнақұлқызы тек білімді ғана емес, сонымен қатар адамгершілік қасиеттерді де жоғары бағаланатын, қиын сәттерде қол ұшын беруге дайын тұратын жан еді.
Қазақта «жақсының жақсылығын айт, нұры тассын» деген аталы сөз бар. Өзінің адамгершілік қасиетімен, шыншылдығымен ерекшеленген жанмен бір ұжыммен еңбек еткенімді мақтан тұтамын.
Ғалия Зайнақұлқызы секілді жаны жайсаң, қасындағы əрбір адамға қол ұшын беруге дайын тамаша жан туралы қандай тілек айтылса да орынды. Ол кісінің әрбір сөзі, әрбір ісі біз үшін үлгі болып қала береді.
Ғалия Зайнақұлқызын нағыз азаматтық қасиеттерге ие ірі тұлға ретінде есімде мәңгі сақталады. Менің Ол кісіге деген құрметім шексіз!