Воспоминания о Галие Зайнакуловне Бегембетовой

Гульнара Касымова
главный бухгалтер Казахской национальной академии искусств имени Темирбека Жургенова
Ғалия Зайнақұлқызымен көп жылдан бері бірге қызмет атқарып, өмірдің әр түрлі сәттерінде жанынан табылғаным — мен үшін үлкен абырой.
Ол кісімен бір ұжымда Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында қызмет етіп жүріп, тек кәсіби маман емес, адами болмысы биік, жүрегі мейірімге толы жан екенін терең сезіндім. Бас есепші ретінде күнделікті жұмыста да, түрлі ұйымдастырушылық істерде де Ғалия Зайнақұловнаның нақтылығы мен ұқыптылығына, әділдігі мен талапшылдығына талай рет куә болдым. Ол әр ісін жүрекпен атқаратын, әріптестеріне жанашыр болатын.
2019 жылы анам қатты науқастанғанда, өзінің жан ауыртып жүрген шағында да сабырынан, ұстамдылығынан айнымады. Сол кезде маған қолдан келгенше қасымнан табылып, анамның еміне дәрігер тауып беріп, қолдау көрсетуге тырысты. Мен оның бұл көмегін ешқашан ұмытпаймын. Біз тек қызметтес емес, өмірлік достарға айналдық.
Ғалия Зайнақұловна – қарапайымдылық пен биік парасаттың, білім мен мейірімнің үлгісі болды. Оның жарқын бейнесі мен жылы жүзі, шынайы ықыласы мен өмірге деген сүйіспеншілігі — жүрегімде мәңгі сақталады.