Воспоминания о Галие Зайнакуловне Бегембетовой

Ермек Скаков
магистр искусств, руководитель аппарата ректора Казахской национальной академии искусств имени Т. Жургенова, обладатель нагрудного знака «Отличник культуры РК», медали «За трудовое отличие»
Ғалия Зайнақұлқызы Бегембетова — өз ісіне адал, парасатты, терең ойлы, нағыз зиялы тұлға еді. Ұзақ жылдар бойы бір шаңырақ астында қызметтес болып, оның кәсіби шеберлігіне, басқарушылық дарынына және адами болмысына күн сайын көз жеткізіп жүрдік.
Ол кісінің әр бастамасы — терең талғам мен биік жауапкершіліктің нәтижесі болатын. Ғалия апай тек оқу процесін ұйымдастырумен шектелмей, консерваторияның шығармашылық тынысын кеңейтуге, халықаралық байланыстар орнатуға, студенттердің өнер жолындағы алғашқы қадамдарына қолдау көрсетуге ерекше мән берді. Проректор ретінде атқарған еңбегі — тұтас бір дәуірдің шежіресі.
Ғылым саласында да Ғалия Зайнақұлқызы өзіндік орны бар ірі ғалым еді. Оның зерттеулері, ғылыми баяндамалары мен мақалалары еліміздің мәдениет пен өнер саласындағы өзекті мәселелерді терең зерделеуге бағытталды. Ол білім мен ғылымды сабақтастыра отырып, жастарға бағыт-бағдар беріп отырды.
Ғалия апайдың адамгершілігі, әріптестеріне деген шынайы құрметі, жас мамандарға деген қамқорлығы — оны айналасына сүйкімді, қадірлі ете түсті. Сабырлы да салмақты болмысы, әр сөзінің салмағы бар, тереңдігі бар еді. Ол кісінің кеңесі, қолдауы талай жанға үміт, демеу болды.
Осындай аяулы жанның өмірден озуы — орны толмас қаза. Бірақ оның артында қалған ізі, еңбегі, шәкірттері — мәңгілік мұра. Ғалия Зайнақұлқызының жарқын бейнесі жүрегімізде сақталады.