Воспоминания о Галие Зайнакуловне Бегембетовой

Арман Жүдебаев
ректор Казахской национальной академии искусств имени Т. Жургенова, заслуженный деятель Казахстана
Өнертану саласының майталман маманы, профессор, көп жылдар бойы консерваторияда басшылық қызмет атқарып, білім мен ғылымға айрықша үлес қосқан Бегембетова Ғалия Зайнақұлқызының өмірден озуына байланысты қайғырып көңіл айтамын.
Ғалия Зайнақұлқызы — өз ісіне шын берілген, білікті ұйымдастырушы, жоғары мәдениетті, терең білімді ұстаз еді. Ол кісі проректор қызметін абыроймен атқарып, оқу орнының дамуына, білім беру жүйесінің сапасын арттыруға елеулі үлес қосты. Студенттер мен оқытушыларға бағыт-бағдар беріп, ұлттық өнер мен классикалық музыканың сабақтастығын дәріптеуге зор мән берді.
Ғылыми ортада да өзіндік орны бар тұлға ретінде танылды. Ғалия Зайнақұлқызының ғылыми еңбектері еліміздің музыка және өнер білімінің теориялық-әдістемелік негізін нығайтуға бағытталды. Ол көптеген жас ғалымдар мен ізденушілерге жол ашып, шығармашылық әрі ғылыми бағыт-бағдар беріп отырды.
Ұстаз ретінде де, басшы ретінде де әріптестері мен шәкірттері арасында зор беделге ие болған Ғалия Зайнақұлқызының жарқын бейнесі, ізгілігі мен парасаты жүректерде мәңгі сақталады. Оның өмірлік ұстанымы, кәсіби адалдығы — болашақ буынға өнеге.
Біз Ғалия Зайнақұлқызын терең құрметпен еске аламыз.
Жатқан жері жайлы болсын, рухы пейіште шалқысын.
Марқұмның туған-туыстарына, жақындарына қайғыра көңіл айтамыз.