Воспоминания о Галие Зайнакуловне Бегембетовой

Амангелді Күзеубай
доктор философии (PhD), доцент кафедры народного пения Казахской национальной консерватории имени Курмангазы
Ғалия Зайнақұлқызы — өнер мен ғылымда өз ізін қалдырған, мыңдаған жүректердің төрінен орын алған ерекше жан. Ол кісінің жай ғана маман емес, адам ретінде биіктігі — әрбіріміздің жүрегімізде сақталып қалды. Ешкімге айтпайтын бір естелігім — біз 2010 жылы жоғары лауазымды тұлғаның тойын бірге жүргіздік. Алғашында бәрі сценариймен жүріп жатты. Бірақ бір сәтте Ғалия апай: «Слишком все официально, мне уже скучно. Я не привыкла к таким форматам. Давай проведем все по-своему — это же той, значит, все должны веселиться, петь, танцевать, играть!», — деп тойдың бағытын өзгертті. Сөйтіп қонақтарды билетіп, ән айтқызып, ойын ойнатып, бәрін баурап алды. Отырған қонақтардың өзі әрең отыр екен, ол кісі соны дөп басып білді. Той соңында бірнеше лауазымды кісілер келіп, мұндай шынайы, есте қаларлық отырысты бұрын көрмегендерін айтып, алғыстарын жаудырды.
Ғалия апайдың бір ғажап қасиеті — адамның айтпақ ойын көкейінен танып, ішкі көңіл-күйіне бірден жететін. Әрдайым тілекші, дем беруші болатын. 2000–2004 жылдар аралығында оқуға түсуге келген талай талапкер сол кісінің бір жылы сөзі мен көмегін ұмытпай айтып жүреді.
Мен үшін Ғалия апай — әрқашан ақылын айтып, рухани тірек болып жүретін жан еді. Оның көркем мінезі, жанашыр жүрегі, шынайы болмысы — кез келген адамда кездесе бермейтін қасиет еді. Ол кісі тек өмірде емес, жүректерде де өшпестей із қалдырды. Мыңдаған адамның жүрегінен орын алған тұлға. Ондай екінің бірінің қолынан келмейді.