Воспоминания о Галие Зайнакуловне Бегембетовой

Айнур Машимбаева
кандидат филологических наук, руководитель отдела учебно-методической работы и инклюзивного образования, исполняющая обязанности профессора кафедры социально-гуманитарных дисциплин Казахской национальной консерватории имени Курмангазы
Өмірге деген құштарлықтың жарқын үлгісі
Бұл өмірде ғұмыр кешкен жандардың барлығы бірдей мына жалғанға қалдырар тағылымды ізі бар бар десек артық айтқандық болар. Қанша жылды артқа салса да бергенінен бермегені көп өмірден өтіп жатқандар қаншама?! Мағыналы өмір сүру, адами келбетпен жүректе қалу жүрегі нұрлы, парасат болмысты, ізгі адамдарға ғана тән қасиет болар, бәлкім…
Ғалия апай, өзіңізбен бірге қызмет еткен жылдар ішінде сөзімнің бастамасынада айтылған ойдың куәсі болдым десем артық айтқандық болмас. Ең алдымен Сіздің бойыңыздан өмірге деген құштарлықтың жарқын үлгісін көрдім. Қайсарлығыңыз арқылы жарық дүниенің қымбат екенін, үміт оты ешқашан сөнбеу керектігін әрқашан, тіпті біз сізді көріп жүрген әр күні бар дүниеңізбен дәлелдейтінсіз. Мен бұған сіз консерваторияның басты мәселелері шешілетін Ғылыми кеңестің Ғалым хатшысы болған 2019–2020, 2021–2022 жылдар аралығында Өзіңіз Ғылыми кеңес төрағасының орынбасары болып жүргенде куә болдым. Ғылыми кеңесте шешілетін әр мәселе маңызды, кейде шұғыл болатын. Тіпті күн тәртібіне қойылатын әр сұрақтың өзін күн-түн демей Ғылыми кеңеске дейін қайта-қайта пысықтайтын едіңіз ғой. Cол істердің дұрыс ұйымдастырылуына бағыт беріп, уақытында шешілуіне мұрындық болдыңыз. Кей уақыттарды Ғылыми кеңес болатын күні химия алып келіп, Ғылыми кеңестің соңына дейін қатысып, қажет болса әр сұраққа түсініктеме де беретін едіңіз.
Өмір мен аурудың арасында күресе жүріп талай конференция, кездесулер де ұйымдастырыдыңыз. Консерваторияның заманауи дамуына барынша үлес қостыңыз. Қайсар рухтың, өмірді сүйе білудің, тіршілікті қадірлей білудің ерен үлігісін көрсеттіңіз. Ең соңғы тілдескенім «Сарын» журналына қатысты бір ақпаратты аударып беруді сұрап, жасап жіберген соң «Бақытты бол, айналайын! Мен сені жақсы көремін» деген хабарламаңыз болды. Үнемі «Айнурочка» деп бастайтын хабарламаңыздың бірі де өшпей, сақталып қалыпты. Енді жүректе тек асыл бейнеңіз ғана қалды.
Жаныңыз пейіште шалқысын!